«Павлодар – Астана» автожолының учаскесіндегі көпір уақытша жабылды

Көпірде жол жабынын жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалы ағымдағы жылдың 8-11 сәуір аралығында «Павлодар-Астана» автокөлік жолының учаскесінде Ертіс өзені арқылы өтетін көпірде жол жабынын жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлайды.
Жөндеу жұмыстары кезінде кері қозғалыс болады. Өңір тұрғындары мен қонақтарынан өте мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауды және маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұрайды.