Павлодарлық гимнаст әлемнің вице-чемпионы атанды

Павлодарлық гимнаст әлемнің вице-чемпионы атанды
Фото: pexels.com

Чемпионат Ұлыбритания елінің төрінде өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бирмингем қаласында батут гимнастикасынан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Павлодар облысының ЖСШМ спортшысы Руслан Измайлов қос шағын минитрамтан секіруден күміс жүлдегері атанды. Алтынды Аустарлия спортшысы алса, қола медалі Ұлыбритания гимнастының қоржынына түсті.

Айта кетейік, жарысқа 41 мемлекеттен келген таңдаулы 350-ден астам гимнаст жүлделі орындарға таласты. Бәсеке барысында Париж Олимпиадасына баратын спортшылардың жартысы анықталады.