Баянауылда орманшылар таралып жатқан қарақұрттың көзін жоюда
Әзірге улы жәндік ешкімді шаққан жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Баянауыл ұлтттық табиғи паркінің ғылым және мониторинг, табиғат кешендер мен объектілерді қорғау бөлімдері және Жасыбай бөлімшесінің мемлекеттік инспекторы Торайғыр ауылындағы алтыншы орамында қарақұртты жою және жұмыртқаларын арнайы құтыға жинау жұмыстарын жүргізуде.
– Өткен жылы, биыл да қарақұрттың адамды шағу фактілері тіркелген жоқ. Демалушылардың қауіпсіздік шараларын сақтауларын талап етеміз. Егер адамды қарақұрт шағып алса, жедел медициналық көмекке жүгіну керек. Алғашқы 2-3 минутта жараны отпен күйдіруге болады. Ол уланған жердің улы әсерін жояды. Қарақұрттардың жұмыртқалары таулы аймақтарда тастың астында көп кездеседі,– деді мамандар.
Табиғи паркінің директоры Аждар Жүсіповтің сөзінше, маусымда 90-ға жуық, ал 24 шілдеде жиырма қарақұрт арнайы құтыға жиналып, жойылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда.