Баянауылда Сәтбаев мектебі күрделі жөндеуден өтті
Барлық оқу кабинеттері, кітапхана, асхана бөлмелері заман талабына сай жаңа жиһаздармен жабдықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Білім беру бөлімінің мәліметінше, ғұлама ғалымның 125 жылдық мерейтойына орай мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 388 миллион теңге қаражат бөлінді.
1992 жылы Баянауыл ауданындағы Теңдік орта мектебі жалпы орта білім беру статусын алып, мектепке Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.
2001 жылы жаңа мектеп ғимараты қолданысқа беріліп, академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені болып аталды.
Айта кетейік, ағымдағы жылы елімізде академиктің мерейтойы туған жері Баянауыл ауданында ауқымды түрде өткен болатын.