Павлодарлық оқушылар республикалық олимпиадада үздік нәтижелер көрсетті

Орыс тілі мен әдебиеті бойынша өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жүзден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының мәліметінше, Қарағанды қаласындағы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде 9–11-сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті, сондай-ақ қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндерінен республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен облыстық кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері – барлығы 173 оқушы қатысты.
– Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашу, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуына ықпал ету. Сонымен қатар, бұл алаң халықаралық білім сайыстарына үміткерлерді іріктеп, даярлауға бағытталған, – деді орталықтың баспасөз қызметі.
Өңір намысын қорғаған 9 оқушы жалпы есепте 5 медаль жеңіп алды: 3 алтын, 1 күміс және 1 қола.
– Алтын медальді «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аяна Қайырбек, «Жас дарын» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Адия Ахмедиева, №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Василиса Зубчик иеленді. Күміс медаль №8 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Бинұр Бекболатқызына, ал қола медаль Абай атындағы 10-сынып оқушысы Алина Жүспековаға бұйырды, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасымен облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Карина Бондаренко.