Баянауылда сауықтырылып жатқан алпыс шақты балаға киім-кешек табысталды
Су тасқыны жағдайына байланысты оқушылар оқыту-сауықтыру орталығына жеткізілген еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аудандық білім беру бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің нұсқауымен 10 сәуір мен 30 сәуір аралығында Баянауыл ауылында орналасқан «Жас дәурен» облыстық оқыту-сауықтыру орталығында Қостанай және Павлодар облыстарының 59 оқушысы сауықтырылуда.
«Meirimdi qala» қоғамдық қайырымдылық қорының бастауымен оларға спорт киімі мен спорттық аяқ-киімдері табысталды. Сыйлықтар балалардың да, ұстаздардың да көңілінен шықты.
Аудандық білім басқармасы қор директоры Бибігүл Шариповаға және барлық атсалысқан жандарға көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді.