Баянауылда үздік деректі фильмнің жеңімпаздары марапатталды
Шәкен Аймановтың құрметіне республикалық деректі кино байқауы өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 20-дан астам жұмыс жіберілді. Негізінен фильмдердің авторлары теледидарлар мен кино мамандары болды.
– Біз алты жұмысты таңдадық. Бас жүлде «Абай» республикалық телеарнасына (Астана) берілді. Оның командасы Шәкен Айманов туралы «Бірегей» фильмін түсірді, – деп түсіндірді «Шаңырақ» халық шығармашылық орталығында. – Бірінші орынды елордалық блогер Әлия Әшім алды. Ол Дінмұхаммед Қонаев туралы фильмдер топтамасын түсірді.
Бас жүлде – миллион теңге. Бірінші орын үшін жүлдегерге 750 мың теңге, екінші орын үшін – 500 мың теңге, үшінші орын үшін – 350 мың теңге, ал номинациялардағы жеңіс үшін – 150 мың теңге табыс етілді.
Павлодарлық «Ертіс» телеарнасынан Гүлсара Маликова үшінші орынға ие болды. Ол Шәкен Айманов туралы «Аманат» бағдарламасын түсірді.
«Арнайы жүлде» номинациясының жеңімпазы Елдос Төлеубаевтың айтуынша, ол алашордашылар – Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов туралы фильм түсірген.
– Біз барлық ақпаратты Жүсіпбек Аймауытовтың туыстарынан, Бұқар жырау мұражайынан алдық, – деп бөлісті жеңімпаз. – Фильмнің ұзақтығы – 19 минут. Мен өзім Әлихан Бөкейхановтың рөлін ойнаймын. Фильмде оны Павлодардағы түрмеде ұстаған кезең көрсетілді. Бүгінгі жас ұрпақтан Павлодарда мұндай түрменің болғаны туралы аз адамдар біледі.
«Алаш қайраткерлері» фильмін YouTube, Pavlodarnews.kz сайтынан тамашалауға болады.