Павлодар облысында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

Павлодар облысында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шараның мақсаты – заңсыз қару айналымын болдырмау және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шара 20-22 қазан аралығында өтеді. Осы күндері полицейлер қару сақтау объектілерін, азаматтық қаруға ие тұрғындарды және қару-жарақ дүкендерін тексереді. Тексеру барысында қарудың сақталу ережелері мен қауіпсіздік талаптарының орындалуына ерекше назар аударылады.

Еске сала кетейік, өңірде «Учаске» шарасы кезінде 63 қару тәркіленді.