Биыл Павлодар қаласында қандай көшелердің жолы жөнделеді

Биыл Павлодар қаласында қандай көшелердің жолы жөнделеді

Қаланың негізгі тоғыз көшесінде жол жөнделмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында қала әкімі Ержан Иманзайыпов мәлім етті. 

- Маңызды мәселелердің бірі – жолдардың жағдайы. Биыл қалада жалпы ұзындығы 22,3 шақырымды құрайтын басты 9 көшенің жолын жөндеу жоспарланып отыр. Қаланың 4 шағын ауданындағы көшелерде 34,6 шақырым топырақ жолға ағымдағы жөндеу жасалады. Екінші Павлодарда 22,9 шақырым жолға қиыршық тас төселеді, - деді Ержан Иманзайыпов.

Көше  Жөнделетін бөлігі
Қамзин көшесі   Толстой көшесінен  Гагарин көшесіне дейін

Ворушин көшесі  

Ломов көшесінен Циолковский көшесіне дейін және  Каз. Правда көшесінен Ладожская көшесіне дейін (бордюрсіз)
Гагарин көшесі  Ак.Сәтбаев көшесінен  Джамбульская көшесіне дейін  
Теплов көшесі    Ак. Сәтбаев көшесінен  М.Жүсіп көшесіне дейін
Нуркин көшесі  Ломов көшесінен Амангелді көшесіне дейін
М-38 жол Айналмалы жолдан көпірге дейін
Кіші айналма жолы көшесі  Циолковский көшесінен Малайсары батыр көшесіне дейін
Щедрин көшесі 

№ 19 автожолы  

Ломов көшесінен №16 автожолға дейін

Жиында облыс әкімі Асайын Байханов келесі жылы жөнделетін жолдарды биыл жобалап бастап, жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауды тапсырды. 

- Бірқатар көшелердің жол сапасы өте төмен. Лермонтов, Қайырбаев, Кривенко, Торайғыров, Олжабай батыр және басқа да көшелердің жолының құжаттарын әзірлеңіздер. Сондай-ақ КазПравда көшесін айналма көшемен қосу жоспары бар. Сол жоспарды, құжаттарын осы жылдың аяғына дейін бітіруді тапсырамын, - деді Асайын Байханов. 

Айта кетейік, биыл Павлодар қаласында тұрғындардың өтінішіне байланысты 10 жерде жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салынады.

Фото: Константин Шелков