Павлодар облысында екі жаңа көкөніс қоймасы салынып жатыр

Павлодар облысында екі жаңа көкөніс қоймасы салынып жатыр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Нәтижесінде жиырма жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов жұмыс барысымен танысу мақсатында Ақсу қаласына қарасты Евгеньев ауылдық округіндегі құрылыс нысандарына арнайы барды.

Бірінші қойманы «Сергей» шаруа қожалығы салып жатыр. Қазіргі таңда нысанды пайдалануға беру үшін қажетті құжаттар жиналуда. Жоспар бойынша, жоба 2025 жылы іске қосылып, 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Ал екінші көкөніс қоймасының құрылысын «Агата» шаруа қожалығы жүргізуде. Қазіргі таңда мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл жоба 15 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді және ағымдағы жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

– Заманауи көкөніс қоймаларын құру егінді сақтау кезіндегі шығындарды едәуір қысқартуға, маусымаралық кезеңде көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға, сондай-ақ жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жобаларды іске асыру шағын және орта бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер туғыза отырып, логистикалық инфрақұрылымды және сабақтас салаларды дамытуға серпін береді, – деп атап өтті кәсіпкерлер палатасының директоры.

Аталған екі нысан да инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына енгізілген.