Биыл Павлодарда жеке соктордағы 50-ден астам көшеге асфальт төселеді (ВИДЕО)

Биыл Павлодарда жеке соктордағы 50-ден астам көшеге асфальт төселеді (ВИДЕО)

Облыс орталығында осы мақсаттағы  жұмыстар басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, жол төсеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «ПКФ ГОРДОРСТРОЙ» ЖШС. 

- Мердігер ұйым Лесозавод, Радиозавод Горторг, Дачный, Зеленстрой шағын аудандарында, сондай-ақ қала орталығындағы қиылыс көшелерде жұмысты бастап кетті. Қазіргі уақытта ұзындығы 5,5 шақырымнан асатын 16 көше мен көлік жүретін жолдарға асфальт төселді, - делінген хабарламада.⠀

Жоспар бойынша ағымдағы жылдың қазан айына дейін ұзындығы 35 шақырымнан асатын 55 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі» ММ (@zhkh_pavlodara)