Екібастұздық сот МАЭС-2 жаңғырту кезіндегі жымқыруға қатысты адамдарды ақтады

Екібастұздық сот МАЭС-2 жаңғырту кезіндегі жымқыруға қатысты адамдарды ақтады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олардың әрекеттері қайта сараланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Екібастұз қалалық соты «Екібастұз МАЭС-2»-де бөлімдердің бірінде басшы болған адамға ҚК-нің 190-б. 4-б. 2-т. және үш қызметкерге ҚК-нің 189-б. 4-б. 2-т. қатысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса iрi мөлшерде жымқыру, яғни иемденiп алу және талан-таражға салу бойынша қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық қудалау органымен олар «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ-ның айналмалы тиеу машинасын орнату бойынша жұмыстар кешенін орындауға арналған қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырды және «Земснаряд» жабдығын сатып алу бойынша жұмысты орындауға материалдық және еңбек ресурстары жоқ ЖШС-мен мердігерлік шарт жасады деп айыпталды.

Алайда мердігерлер жұмысты толық орындамады, жабдық толық көлемде жеткізілмеген.

Сот бөлім басшысының әрекетін 189-б. 4-б. 2-т. қайта саралап, ол ҚК-нің 190-б. 4-б. 2-т. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты алаяқтық жасағаны үшін, яғни алдау жолымен ақшалай қаражатты жымқыру бойынша кінәлі деп таныды.

Бірақта, айыпталушы ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Екінші эпизод бойынша ҚК 190-б. 4-б. 2-т. айыпталған ер адам әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталды.

Ал сөз байласқан үш сотталушы ҚК-нің 189-б. 4-б. 2-т. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәсіз деп танылды және заңсыз қудалаумен келтірілген зиянды өтеу құқығын мойындай отырып, олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталды.

 «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ-ның азаматтық талап қойы ішінара қанағаттандырылды, ақталғандарға қатысты талап арыздар қараусыз қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.