«Биле, Павлодар»: Жетекші би ұжымдары бір сахнада бас қосады

«Биле, Павлодар»: Жетекші би ұжымдары бір сахнада бас қосады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Билеттерді филармония кассасында немесе Ticketon.kz сайтында алуға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

И.Байзақов атындағы облыстық филармония тұрғындарды халықаралық би күніне орай «Биле, Павлодар» атты мерекелік концертке шақырады.

– 29 сәуірде кешкі сағат 19:00-де «Шернияз» ансамблінің ұйымдастыруымен филармонияның сахнасында өңірдің жетекші хореографиялық ұжымдары жиналады, – делінген хабарламада. 

«Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясы, «Кавказ» хореографиялық ансамблі, «Томирис» үлгілі би ансамблі, «Magic Dance» эстрадалық спорттық би ансамблі, «Жасмин» үлгілі би ансамблі, «Шаңырақ» үлгілі хореографиялық ансамблі сияқты би ұжымдары жиналып, өнер көрсететін болады.