Павлодарға Назиманың орнына кім келетіні белгілі болды

Павлодарға Назиманың орнына кім келетіні белгілі болды
Фото: Іnstagram парақшасынан алынды

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі маусымның жабылуына келетін әншінің есімін жария етті, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

– «Ertis Promenade» сахнасының жабылу маусымы жақындады. Жаз айлары бойы өздеріңізбен бірге болғанымызға қуаныштымыз. Әлі де қызықты да, шуақты концерттердің куәсі боламыз деген ойдамыз. 16 қыркүйек күні сағат 19:00-де өтетін маусымның жабылуында Мона Сонгз есімімен танымал Манарбек Жұматай өнер көрсетеді, – дейді ұйымдастырушылар. 

Еске сала кетейік, бұған дейін жазғы концерттер маусымының жабылуына Назима келетіні туралы хабарланған болатын. Алайда кейін әнші  теледидар жобасына қатысуға келісім бергеніне байланысты келе алмайтыны туралы видеохабарлама жариялады.