Ертіс ауданында Иса Байзақовтың мерейтойы айтыспен тойланады

Ертіс ауданында Иса Байзақовтың мерейтойы айтыспен тойланады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Айтысқа Қырғызстан мен Моңғолия елінен танымал ақындар қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

25-26 шілде күндері қазақ өнері мен әдебиетінің көрнекті өкілі, суырыпсалма ақын, әнші-сазгер, даңқты жерлес Иса Байзақовтың 125 жылдық мерейтойына орай «Ертіс аясында» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді. 

Айтысқа елімізге және түркі жұртына белгілі майталмандар қатысады. Олардың қатарында Қырғызстанның айтыскері Асылбек Маратов, Моңғолияның тумасы Хавдолла Бейісханұлы бар. Сондай-ақ, Қазақстан қалаларының кіл мықтылары – Мұхтар Қонарбаев, Серік Қуанған, Қазірет Бердіхан, Аспанбек Шұғатаев, Серікбол Панабердиев, Дидар Қамиев, Рауан Қайдаров, Нартай Тілеуқұл, Қажымұқан Абзалов, Мизан Жұмәлі өнер көрсетеді.

Жыр додасының тізгінін елімізге белгілі ақын, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай ұстайды.

Айтыс 25 шілдеде Ертіс ауданындағы мәдениет үйінде сағат 15:00 өтетін болады.