Былтыр Павлодар облысында 50 жастан асқан үш әйел дүниеге сәби әкелген

Былтыр Павлодар облысында 50 жастан асқан үш әйел дүниеге сәби әкелген
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қыздарға қарағанда ұлдардың саны басым болды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың 12 айында Павлодар облысында 9075 бала дүниеге келді: 6274 бала (69,1%) қалалық мекендерде, 2801 бала (30,9%) ауылдық аймақтарда туған. Оның ішінде 51% – ер балалар, 49% – қыз балалар.

Өңірде ең жоғары туу көрсеткіші Баянауыл ауданында (1000 тұрғынға 16,18 адам) тіркелді, ең төмен туу көрсеткіші Железин ауданында (10,73) байқалды.

2024 жылы жалпы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 12,06 құрады, бұл көрсеткіш 2023 жылы 1000 адамға 13,04 болған.

Жарық дүние есігін ашқан балалардың негізгі үлесін (26,8%) 30-34 жас аралығындағы әйелдер дүниеге әкелген, 25-29 жас аралығындағы әйелдер туған балалардың үлесі – 26,4%.  

20 жасқа дейінгі әйелдер өткен жылы 254 баланы, 50 жастан асқан әйелдер үш сәбиді дүниеге әкелген. Өткен жылы аналардың орташа жасы 30,5 жасты құрады.

Сәбилердің ішінде 26,1% немесе 2368-і отбасында екінші бала болып туған.