Чипі бар жабайы құстар: Павлодарлық аңшылар қалай әрекет етуі тиіс?
Өңірде 25 алқапта аң аулауға тыйым салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметі бойынша, Ақтоғай ауданының Разумовка және Ивановск, Железин ауданының Веселая роща, Захаровка, Озерная ауылдары мен Май ауданы аумақтарында аң аулауға рұқсат етілген.
Ал Шарбақты, Аққулы, Ертіс, Майқайың аумақтарында аңшылыққа тыйым салынды. Сонымен қатар, Успен ауданының Қоңырөзек, Тереңкөл ауданының Березовка, Қызылжар аумақтарында жануарларды аулауға және атуға тыйым салынған.
Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаев жабайы құстарды абайсызда атып алған жағдайда не істеу керектігін еске салды.
– Егер де сақина немесе чип бар жабай құс атып алсаңыз, оны күзетшіге немесе аумақтық инспекцияға беруіңіз керек, – деді спикер.
Сондай-ақ, оның айтуынша, тек егін жиналған алқаптарда және арнайы рұқсатпен аң аулауға болады.
Еске сала кетейік, Павлодар облысының аңшылық алқаптарында күзгі-қысқы аңшылық маусымы ашылды.
Әсия Серікова