Павлодарлық дәрігерлер клиникалық өлімге ұшыраған 60 жастағы әйелді құтқарып қалды
Шақыру өткен түнде келіп түскен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 103 қызметкерлері дефибриллятор мен трахея интубациясы арқылы науқастың жүрегін іске қосты.
– Сағат 2:30-да жақын жердегі дәрігерлік бригада жіберілді. Дәрігерлер бұған дейін әйелде мидың жедел қан айналымының бұзылуы болғанын анықтады. 103 қызметкерлері кеудедегі ауырсыну туралы шағымдардан кейін оған электрокардиограмма жасауды шешті, – дейді жедел жәрдем станциясында.
Бұл процедураны орындаған кезде науқастың жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлер бірден реанимациялық іс-шараны орындауға кірісті. Әйелді клиникалық өлім жағдайынан шығару үшін дефибрилляторды қолдануға және трахея интубациясын жасауға тура келді. Науқас өмірге оралғаннан кейін облыстық кардиологиялық орталығына жеткізілді.