Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында этноауылдың ашылуы өтеді
«Қазанат» ипподромына іргелес аумақта, шамамен 10 гектар алаңда орналасқан, деп @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ашылу салтанатына бір күн қалғанда әр өңірге аймақтық этно қонысты орналастырыла алатындай, үш киіз үй тігетін орын беріледі. Еліміздің барлық өңірлері Этноауылдың мәдени бағдарламасына қатысады.
Бұл күні «Астана – көшпенділердің астанасы» атты театрландырылған қойылым өтеді. Іс-шараға ДКО-ға келген шетелдік қонақтар, халықаралық спорт ұйымдарының басшылары қатысады.
Айта кетейік, мәдени бағдарламада айтыс, спорт және көрсетпе жарыстар, саятшылық өнер ұсынылады. Палуандар арасында көрсетпе жарыстарын тамашалау мүмкіндігі туады.