2030 жылға дейін жолаушылар вагондары паркі толық жаңартылады

Соңғы үш жылда аралығында Ұлттық тасымалдаушы вагондар паркін 255 жаңа жолаушылар вагонымен және 18 электр пойызымен толықтырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
2025 жылдың желтоқсанында Астана қаласындағы отандық «Штадлер Қазақстан» зауытында жасалған 51 заманауи вагон жеткізіледі деп күтілуде.
2030 жылға дейін паркке осындай 557 вагон қосылады.
Жаңа вагондар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ыңғайлы эргономика және заманауи инженерлік шешімдермен ерекшеленеді.
Сонымен қатар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «ЗИКСТО» ЖШС-нен тағы 100 жолаушылар вагонын сатып алуды жоспарлап отыр.