«ЕЭК» АҚ 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есеп берді

Кәсіпорындарда шығындар мен тиімділік есептелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Евроазиаттық энергетикалық корпорация» акционерлік қоғамы 2025 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп берді.
Кәсіпорын жылу энергиясын өндіру және тарату желілері арқылы суды беру салаларында табиғи монополия субъектісі болып табылады. Құжатта бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, инвестициялық бағдарламаның жүзеге асырылуы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы, қызмет тиімділігінің нысаналы индикаторларына қол жеткізу, реттеліп көрсетілетін қызмет түрлері бойынша негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштер, ұсынылған реттелетін қызметтердің көлемі, тұтынушылармен жүргізілген жұмыс көрсетілген. Сондай-ақ 2025–2026 жылдарға арналған даму перспективалары (оның ішінде тарифтердің өзгеруі), көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша толық ақпараттар бар.
Айта кетейік, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ – 1996 жылы негізі қаланған, Қазақстандағы ірі электр энергиясын жеткізушілерінің бірі. ЕЭК екi құрылымдық бөлімшені біріктіреді: ашық әдіспен көмір өндіретін бірегей кәсіпорын «Шығыс» көмір кеніші, Ақсу электр станциясы.