Екібастұзға қарасты ауылда жеңіл көлік өртенді

Екібастұзға қарасты ауылда жеңіл көлік өртенді
Фото: облыстық ТЖД баспасөз қызметінен

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусымда сағат 11:02-де Екібастұздың ауылдық аймағында Құдайкөл ауылының маңында жеңіл көлік жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 

– Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетті. Өрттің жалпы ауданы 4 шаршы метрді құрады, – деді департаментте.

Өрт 11:29-да жойылды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.