Екібастұз тас жолында автокөлік отқа оранды

Екібастұз тас жолында автокөлік отқа оранды
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Оқыс жағдай Солнечный кентінің маңындағы аудандық маңызы бар автожолда тіркелді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қыркүйек күні сағат 14.06-да автокөліктің өртенгені туралы хабарлама  түскен.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер дереу 2016 жылы шыққан «Kia Optima» маркалы жеңіл автокөлікті сөндірді, – деді департаментте. 

Тілсіз жауды ауыздықтауға № 3 және 6 өрт сөндіру бөлімдері қызметкерлерінің күштері мен құралы жұмылдырылды.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.