Екібастұздағы сайлау учаскелерінің бірінде сайлаушылар армрестлингтен күш сынасты

Екібастұздағы сайлау учаскелерінің бірінде сайлаушылар армрестлингтен күш сынасты
Фото: Ашық дереккөзден

Спорттық шараға 20-дан астам адам қатысты,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

15 ақпан екібастұздықтар үшін тек дауыс беру күні ғана емес, халықтың бірлігі мен татулығын дәріптейтін мерекеге ұласқандай. Оған дәлел - кеншілер шаһарында орналасқан сайлау учаскелерінің бірінде өткен спорттық шара. Мұнда қала тұрғындары арасында армрестлингтен турнир өтті.

Күш сынасу сайысына 22 адам қатысып, өздерінің төзімділігін және спортқа деген қызығушылығын көрсетті. 

- Турнир достық әрі тартысты атмосферада өтіп, қатысушылар мен көрермендерге ерекше әсер мен спорттық жігер сыйлады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және спорт бөлімінің медальдары мен грамоталарымен марапатталды, - делінген хабарламада.

Осындай іс-шараларды өткізу салауатты өмір салтын насихаттауға және қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді. Әрі маңызды күнде сайлаушыларға ерекше көңіл күй сыйлайтыны сөзсіз.