Павлодарда өнерпаздар өзара бақ сынайды
Айтулы шара «Шаңырақ» орталығының 20 жылдығына орай ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Шаңырақ» орталығының мәлімдеуінше, атаулы датаға орай қалалар мен аудандар арасында облыстық «Өнер додасы» өтеді.
- Байқаудың бірінші жұбы Ақсу мен Екібастұз қалалары болды. Олар ертең, яғни 17 қазан күні, сағат 11.00-де өтеді. Павлодарлықтарды өнерпаздарға жанкүйер болуға шақырамыз, - делінген хабарламада.
Ал түстен кейін, 17 қазан күні сағат 15:00-де байқаудың екінші жұбы Май және Успен аудандары өзара сынға түседі. Өнер додасы «Шаңырақ» орталығында болады.