Екібастұзда құтқарушылар ағашқа шығып қалған баланы аман-есен түсірді

Екібастұзда құтқарушылар ағашқа шығып қалған баланы аман-есен түсірді
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі

Бала зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Беркімбаев көшесінде 2018 жылы туған бала ағашқа шығып, өздігінен түсе алмай қалған. Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үш иінді сатыны пайдаланып, баланы қауіпсіз түрде жерге түсіріп, ата-анасына табыстады.

Құтқарушылардың мәліметінше, бала ешқандай жарақат алмаған.

ТЖМ ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне мұқият болу қажеттігін ескертеді.