Екібастұзда шағын аудандардың бірінде уақытша жылу болмайды
7/1-ЖМ жаңа жылу магистралін қосу бойынша жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, осыған байланысты 26 қазанда сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін 31-шағын ауданның тұтынушыларын жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда: 108 жеке меншік тұрғын үй, 18 көпқабатты үй, сегіз әлеуметтік нысан, тоғыз заңды тұлға.
– 7/1-ЖМ құрылысы ағымдағы жылыту маусымына әсер етпейді, яғни оған тұтынушылар қосылмаған, – деп жазылған хабарламада.
Жаңа жылу магистралін іске қосу жылу магистраліндегі жүктемені ішінара жеңілдетіп, бірқатар шағын ауданның тұтынушыларын жылумен жабдықтау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.