Екібастұзда Естай Беркімбайұылының 155 жылдық мерейтойын тойлайды
Бұл тойда ұлттық ойындар ойнатылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ өнерінің дара тұлғасы, ҚазССР–нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, жерлесіміз Естай Беркімбайұылының 155 жылдық мерейтойы тойланбақ.
21 шілде күні өтетін бұл дүбірлі тойдың басы «Естай деп атым шықты қалың елге» атты әншілер байқауымен ашылмақ. Кейін қалалың ипподромында көкпар ойындары өткізіледі.
Ал 22 шілде күні «Екібастұздың 50 жылдығы» саябағының жанында этноауыл бой көтереді. Бұл этноауылда 16 кигіз үй тігілетін болады.
Сондай-ақ, «Естай деп атым шықты қалың елге» атты әншілер байқауының гала-концерті өткізіледі. Концертте, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі, дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев, Республикалық «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттары Ұлы тұлға Естай Беркімбайұлының ұрпақтары, танымал домбырашылар Темірлан мен Ернат әндерін шырқайды. Бұл алаңда асық ату, бес асық, қол күрес, кір көтеруден жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, арқан тарту, қошқар көтеру, аударыспақ, қазақ күресі сынды қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылады.