Екібастұз қаласының туған күні аталып өтті

Биыл тарихи деректер бойынша кеншілер қаласына 127 жыл толды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала 1898 жылы көмір шахтасының жанында жұмысшылар поселкесі ретінде құрылған. Екібастұз 1957 жылы қала мәртебесін алды.
Ресми туған күні 12 маусым. Бірақ мерекелік іс-шаралар дәстүрлі түрде демалыс күндері өтеді. Маусымның 14-ші күні «Өнер» мемлекеттік мәдени орталығының алдындағы алаң адамға толы болды. Мерекелік шараға қала тұрғындары, ауыл тұрғындары және қала қонақтары келді.
KALIFARNIA, ZAMAN тобы, Қазбек Құрайыш, Ғаділбек Жанай, Садраддин, Тұрар Екібастұздықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қатысушылар ауа райының құбылмалылығына қарамастан, мерекені көңілді тойлады.
Кеш соңы мерекелік отшашумен және би кешімен аяқталды.
Толығырақ «Звезда Прииртышья» газетінің келесі санында болады.