Екібастұзда психостимулятор қолданған екі ер адам қамауға алынды

Психотроптық заттар тәркіленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департамені баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұзда полиция қызметкерлері есірткіні заңсыз сатып алды, тасымалдады және сақтады деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Тінту іс-шараларын жүргізу барысында олардан барлығы 29 орама тәркіленді. Сондай-ақ, тәркіленген заттардың ішінде зергерлік таразылар, орау материалдары болды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, алынған заттар психотроптық зат (a-PVP) болып шықты. Медициналық куәландыруды жүргізу кезінде ұсталғандардың екеуінде де психостимуляторларды қолдану фактісі анықталды.
– Есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда отыр, – деді департаментте.
Полиция азаматтарды біздің қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін есірткіні заңсыз таратумен күресуге көмектесетін кез-келген ақпарат туралы хабарлауға шақырады.
«Заң және тәртіп» қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.