Павлодарда «Жыл тәрбиешісі-2024» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Қатысушылар төрт кезең бойынша бақ сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында «Мәңгі нұрдың қызметшісі - тәрбиеші» тақырыбында «Жыл тәрбиешісі-2024» сайысы өтті.
- Сайыстың мақсаты - тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Қатысушылар «Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке», «Әдептілік әлемінде», «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Менің сүйікті тағамым» деген кезеңдерден сүрінбей өтіп, өз өнерлерін ортаға салды,- делінген хабарламада.
«Жыл тәрбиешісі-2024» сайысының қорытындысы бойынша бас жүлдені Диара Сергазина иеленсе, 1-орын Меруерт Байтохинаға бұйырды. Ал 2-орынға Гульзия Кабдуллина лайық болса, үздік үштікке Құндыз Қабдуахит тұрақтады.
Ал «Бала жанының зергері» номинациясында Алия Джартыбаева оза шапса, «Таланты мен дараланған тәрбиеші» аталымында Жұлдыз Текабаева және «Шығармашылық ізденісімен танылған тәрбиеші» аталымына Анар Смагулова ие болды.
Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.