Павлодарлық ұстаздарға инновациялық тегін онлайн оқу бағдарламасы ұсынылды
Аталмыш бағдарлама балалардың болашағын қорғауға үйретеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«SAQ» жобасы – оқушылар мен мұғалімдерді қауіпсіздік негіздері мен төтенше жағдайларға дайындыққа үйрету арқылы оқушылар үшін қауіпсіз орта құруға бағытталған бірегей бастама. Ұйымдастырушылар Ағарту министрлігінің, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің және Chevron компаниясының күш-жігерін біріктіріп, балаларға қауіпсіз жағдай жасайды.
Аталмыш іс-шарада қатысушылар қауіпсіз өмір сүру мәдениетін қалыптастырады, төтенше жағдайлардың салдарын болдырмайды, сондай-ақ дағдарыс жағдайларында дұрыс әрекет етуге үйретеді.
Онлайн оқыту бағдарламасына қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру әдістері, төтенше жағдайларда сауатты әрекет ету, қауіпсіздік мәдениетін мектептің күнделікті өміріне енгізу кіреді.
– Жобаға қатысушылар тегін оқумен қамтамасыз етіледі. Оларға курсты аяқтағаны туралы сертификат табыс етіледі. Сонымен қатар, жаңа дағдылар мен білім артықшылықтарына, мектепті қауіпсіз ету мүмкіндігіне ие болады, – дейді ұйымдастырушылар.
Қазіргі таңда курсқа тіркеу жалғасуда. Оқу 14 қазанда басталады.
Айта кетейік, толығырақ ақпаратты +7 7015299998 (демалыссыз) телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.