Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС-не қатысты тергеп-тексеру басталды

Екібастұз ГРЭС-1  ЖШС-не қатысты тергеп-тексеру басталды
Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Кәсіпорын үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша айыпталған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров алқа барысында «Болат Нұржанов» атындағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеру жүргізу туралы мәліметтермен бөлісті.

Оның айтуынша, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР-да электр қуаты нарығы іске қосылды. Ол қуатқа деген сұранысты жабу үшін ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде жаңа қуаттарды іске қосу және қолданыстағы қуаттарды қолдау үшін инвестициялар тарту мақсатында жұмыс істейді.

–  Қуаттарды бәсекелестік іріктеу, оның ішінде қуаттылықтың дайындығын қолдау жөніндегі қызметке шекті тарифтен төмендетуге арналған сауда-саттық өтетін «КОРЭМ» АҚ сауда алаңында қуаттылықтың орталықтандырылған сауда-саттықтарында жүргізіледі, – деп жазылған ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарламасында. 

Агенттіктің мәліметінше, компания өз көлемінің бір бөлігін жылдан-жылға әдейі сатпайды, бағаны шекті рұқсат етілген деңгейде ұстап тұру үшін сауда-саттықтағы бәсекелестіктен бас тартады, нәтижесінде түпкілікті тұтынушылар үшін электр энергиясының қымбаттауына әкеледі.

Тергеу жалғасуда, оның қорытындысы бойынша тергеу объектісінің іс-әрекеттеріне тиісті баға берілетін болады.

Сонымен қатар, электр энергиясы нарығында KEGOC-қа қатысты шаралар қабылданды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

KEGOC электр энергиясын төлеу үшін қосымша шот-фактуралар жасау, сондай-ақ тұтынушылар арасында электр энергиясының көлемін пропорционалды емес бөлу арқылы ЭБҰ құқықтарын бұзды. Екібастұз ГРЭС-1 2019-2022 жылдардан бастап орталықтандырылған сауда-саттықта қолда бар қуаттың шамамен 50% сатудан бас тартты. Бұл қуаттылық бағасын жоғары, шекті рұқсат етілген деңгейде ұстап тұруға және өзге станциялардың пайдасына кемінде 10 млрд теңге көлемінде ГРЭС-1 қаражатының жыл сайын алынбауына әкелді. 2023 жылғы қарашада ГРЭС-1 сауда-саттықта қолда бар қуаттың шамамен 60% қайта сатқан жоқ.