Екібастұз кеншілері Қызыл кітапқа енген құсты құтқарды
Разрезге төрт бірқазан ұшып келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Кеншілер 9 қарашада «Восточный» разрезінде көмір қоймалары арасында төрт құсты тауып алған. Олар құстар көмек сұрап келді деп болжаған, себебі құстардың бірі – ең жасы өте әлсіз күйде болған және ұша алмаған. Жұмысшылар олардың екеуін ұстап алып, Павлодар ауылындағы хайуанаттар бағына тапсырған. Құтқару операциясын «Шығыс» разрезінің директоры Юрий Личман ұйымдастырды.
– Біз оларды жұмыс автобусымен жібердік. Үшіншісі кейінірек ұсталды. Тағы біреуі әлі де разрезде ұшып жүр. Біздің жігіттер оны ұстап алған соң қалған екеуін де Павлодарға жібереді, –деді «Восточный» разрезінің қызметкері Людмила Дускажинова.
Қазір бірқазандарға қоректену үшін майшабақтар беріледі. Құстардың тәбеті жақсы. «Восточный» разрезінің кәсіподағы Павлодар хайуанаттар бағына құстарды тамақтандыруға 50 мың теңге бөлген.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы бірқазан Қазақстанда жыл құсы болып таңдалды. Олар негізінен елдің солтүстігін мекендеді, оңтүстік аймақтарда бірнеше тобы бар. Мамандар экологияға байланысты бірқазандардың жойылып кету қаупі бар екенін айтады. Қазақстанда бұйра және қызғылт бірқазандар мекендейді. Барлығы – бес мыңға жуық. Екі түрі де Қызыл кітапқа енгізілген.