Павлодар облысының орманшылықтарында көктемгі ағаш отырғызу басталды
Мемлекеттік орман қорында қарағай түптері отырғызылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, биыл барлығы 1 560 гектар, яғни 9,6 миллион. қарағай көшеттерін отырғызу жоспарланған. Отырғызу екі кезеңмен –көктемде және күзде жүзеге асырылады. Көктемде 800 гектар жерге 4,6 миллион көшет отырғызылады.
– Павлодар ауданының Чернорецк орманшылығында 300 гектар жер жыртылып, барлық қажетті техникалық сипаттамаларға сәйкес келетін отырғызу материалдары қабылданды. Бірнеше күн бұрын Максим Горький және Үрлітүп мекемелерінде аталған жұмыстар басталды,– деді басқармада.
Железин ауданының Қайыңды орманшылығында 140 гектарда уақытша тұқымбақтарда өсірілген 800 мың қарағай көшеттері отырғызылуда.
Максим Горький мекемесінде 360 гектар жерде 2,1 миллион көшет отырғызу жоспарлануда. Жұмыстарды мамыр айының басында үш апталық мерзімде аяқталады.