Екібастұз полициясы жас тергеушінің әкесіне алғыс айтты

Екібастұз полициясы жас тергеушінің әкесіне алғыс айтты
Фото: Павлодар облысының полиция департаменті

Алғыс хат тергеуші Дильназ Ахмадиеваның кәсібилігі мен мінсіз қызметі үшін табысталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен орындағаны, жоғары кәсібилігі және мінсіз қызметі үшін полиция басқармасы бастығының атынан алғыс хат оның әкесі Мақсат Ахмадиевке табысталды.

Салтанатты рәсім барысында полиция басқармасы бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Асылбек Қайроллаев сөз сөйлеп, қызына берген тәрбиесі үшін әкесіне ризашылығын жеткізді.

Кездесу барысында жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуына ата-ананың қолдауы мен бала кезден берілген адамгершілік құндылықтардың әсері туралы айтылды.