Екібастұз ЖЭО-да құлаған плитаға қатысты түсінік берді

Екібастұз ЖЭО-да құлаған плитаға қатысты түсінік берді
Фото: Константин Шелков

Ғимараттың төбесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Екібастұз ЖЭО ғимараттарының бірінде бөлшектелген плиталар түсірілген кадрлар пайда болды.

«Павлодарэнерго»  АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, шын мәнінде бейнероликте ЖЭО-ның қазандық турбиналық цехы түсірілген. Ол жерде  Екібастұз ЖЭО 11 ғимаратының төбесін қайта жөндеу бойынша бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде қазандық-турбина цехының ғимараты да бар. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бейнероликтің авторы жылу станциясының ғимараттарының бірінде құлаған бетон плиталарының кейбіреулері тіпті шатырды тесіп кетті деп мәлімдеген.