Екібастұз қаласының жедел жәрдем станциясының қызметі тексеріске ұшырайды

Станция қызметкерлері жұмыс сапасына шағымдануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Instagram әлеуметтік желісінде парақшалардың бірінде Екібастұз қаласының 4-ші жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы қызметкерлерінің атынан анонимді өтініш жарияланды. Ақ халаттылар ұжымы көлік жүргізушілеріне күніне аз бензин бөлінетініе шағымдануда. Көрші ауылдарға баруға тура келетін кезде, жанармай таусылып кететін кездер болған.
Сондай-ақ, жас фельдшелер тәжірибелі мамандарсыз шақыртуларға жіберіледі. Олардың пайымдауынша, тәлімгерсіз жүзеге асырылатын шақыртуда науқастардың өміріне қауіп төнуі мүмкін.
Аталмыш өтініш бойынша облыстық жедел жәрдем станциясы тексеріс жүргізеді.
– Әлеуметтік желілерде жарияланған үндеудің анонимділігіне қарамастан, ол жұмысқа қабылданды. Жақын арада Екібастұзға арнайы комиссия жіберіледі, оның құрамына облыстық жедел жәрдем станциясының әртүрлі бөлімшелерінің басшылары кіреді. Ол жағдайды егжей-тегжейлі талқылайды. Айта кету керек, бұған дейін жедел жәрдем станциясының ұжымына мұндай мәселелер түскен жоқ, – деп жауап берді станцияда.
Еңбек құқықтары бұзылған қызметкерлерге Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне жазбаша өтінішпен «Е-өтініш» арқылы не Астана көшесі, 153 мекенжайына жүгінуді ұсынылады.
– Өтінішке еңбек шартының көшірмесін немесе өзге де растайтын құжаттарды қоса берген жөн. Жоспардан тыс тексерулер жасырын өтініштер бойынша жүргізілмейтініне назар аударамыз, – деді басқармада.
Айта кету керек, бұған дейін жедел жәрдем станциясының ұжымына мұндай мәселелер түскен жоқ.