Павлодарда «Тәуелсіздік ұрпақтары премиясына» өтінімдер қабылдау басталды

Павлодарда «Тәуелсіздік ұрпақтары премиясына» өтінімдер қабылдау басталды
Фото ашық дереккөзден

Премия 10 аталым бойынша тағайындалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мәлімдеуінше, "New vision team" ҚҚ дәстүрлі "Тәуелсіздік ұрпақтары премиясы" облыстық байқауына өтінімдерді қабылдау 20 қыркүйек пен 5 қазан аралығында жүреді.

- Байқаудың негізгі мақсаты Павлодар облысының дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан дарынды жастарды қолдау болып табылады. Премия бекітілген 10 номинацияға сәйкес беріледі, - делінген хабарламада.

Онда:
- "Білім және ғылым"
- "Ауыл шаруашылығы қызметкері"
- "Қоғамдық қызмет"
- "Спорт"
- "Медицина"
- "Өндіріс қызметкері"
- "Кәсіпкерлік"
- "Ерлігі үшін"
- "Волонтерлік"
- "Мәдениет".

- Премия алуға халықаралық, республикалық конкурстардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары, берілетін номинацияларда көрсетілген түрлі салалар саласындағы жүлдегерлер мен жеңімпаздар, сондай-ақ қызметтері инновациялық болып табылатын, өңірімізге және қоғамға елеулі пайдасын тигізген, тиісті саланың дамуына ықпал ететін 14 пен 35 жас аралығындағы кандидат жастар үміткер бола алады, - делінген басқарма берген ақпаратта.

Қатысушы құжаттарды белгіленген тәртіпке сәйкес М.Жүсіп көшесі, 189, 4-қабат, 412-кабинетке қолма-қол әкеп тапсыруы керек.