Екібастұзда 40 жылдай жөнделмеген теміржол вокзалы қайта құрылады
Ғимарат 1988 жылдан бері жөндеу көрмеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жоспары талқыланды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қанат Қашкиров көлік логистика әлеуетін дамытуға қатысты жоспарлармен бөлісті.
– Екібастұз қаласының теміржол вокзалын қайта құру жоспарлануда. Ғимарат 1988 жылы салынған болатын. Сол кезден бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеді. Қасбетін жаңарту қажет. Қазіргі уақытта жоба даму сатысында,– деді Қанат Қашкиров.
Асайын Байханов бұл жобаны сапалы түрде қолға алу керектігін атап өтті.
– Биыл менің тапсырмама сәйкес Павлодар қаласының теміржол вокзалы жаңартудан өтуде. Келесі жылы Екібастұз қаласында да теміржол вокзалын қайта құру жобасын дайындауды тапсырамын, – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі қараша айының аяғына дейін жобалық-сметалық құжаттама дайындауды тапсырды.
Еске сала кетейік, Павлодарда 20 жыл жөндеу көрмеген теміржол вокзалы жылдың соңына дейін жаңартылады. Жөндеу жұмыстарын өңірдегі қала құраушы компаниялардың бірі - KAZ Minerals Boshakol есебінен жүргізіледі. Жылумен және сумен жабдықтау, кәріз, жарықтандыру жүйелерін толығымен жаңарту, аспалы төбе тарту және еденді ауыстыру, ыңғайлы кассалық аймақтарды, күту залын, фудкорт және т. б. жаңарту жоспарлануда.