Екібастұзда 50 аула абаттандырылады

Екібастұзда 50 аула абаттандырылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кеншілер шаһарында үш жыл ішінде барлық аула қалпына келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұзда Сәтбаев көшесі, 3, 5, 7 үйлердің аулаларын абаттандыру сапасын тексерді. Мекенжайларда жолдарға асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолдары жасалып, ойын алаңын орнату жұмыстары басталды.

Каладағы 279 ауланың 150-і абаттандыруды қажет етеді. Осы жазда балалар ойын алаңдарын орнату және асфальт төсеу арқылы 50 аула жаңартылады. Сондай-ақ, қалада 20 жаңа шағын футбол алаңы орнатылады.

– Үш жылдың ішінде біз барлық аулаларды кезең-кезеңімен жаңартамыз. Қандай аулалар бірінші кезекте абаттандырылады, бұл тұрғындардың белсенділігіне байланысты. Тұрғындары жылу беру маусымына жүйелі түрде дайындалып, тазалық пен тәртіпті қадағалайтын үйлердің өтінімдерін бірінші кезекте қарауды тапсырдым,– деп жазды аймақ басышысы өзінің жеке парақшасында. 

Одан кейін Асайын Байханов теміржол вокзалында болып, реконструкциялау барысымен танысты. 1988 жылы салынған ғимаратқа соңғы рет күрделі жөндеу 20 жыл бұрын жасалған.

Жобада жылу, су, электрмен жабдықтау, кәріз жүйелерін толық жаңарту, шатырды, қасбетті ауыстыру, ішкі үй-жайларды жаңарту және т.б. қарастырылған. Жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарлануда.