Екібастұзда ағашқа мінген қыз түсе алмай қалды

Екібастұзда  ағашқа мінген қыз түсе алмай қалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға орнына жедел түрде кезекші құтқарушылар тобы жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, құтқару бөліміне бір қыз ағаштан түсе алмай жатқаны туралы хабарлаған. Ол шамамен үшінші қабаттың биіктігіндей жерде тұрып қалғанын айтып, өздігінен түсе алмайтынын жеткізген. 

– Құтқарушылар жағдайды бағалап, жылжымалы сатымен ағашқа көтерілді. Олардың бірі қызға жақындап, сабырға келуіне көмектесіп, оны жерге қауіпсіз түсіріп алды, – дейді басқармада. 

Қыз ешқандай жарақат алған жоқ. Медициналық көмек қажет болмады.

Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салып, кез келген төтенше жағдайда 112 нөміріне тегін қоңырау шалуға болатынын атап өтті.