Екібастұзда дәстүрлі әншілер байқауы өтті
Ән додасына Павлодар, Екібастұз қалалары мен Баянауыл, Тереңкөл аудандарының жас өнерпаздары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Арқада ән тербеген Естай ақын» атты оқушылар арасында облыстық дәстүрлі әншілер байқауы көрнекті композитор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, әнші, ақын, импровизатор, Қазақстан Композиторлар Одағының алғашқы мүшелерінің бірі Естай Беркімбайұлының 155 жылдығына арналған. Шараны Республика күніне орай Екібастұз тарихи-өлкетану музейі Естай атындағы балалар музыка мектебімен бірлесіп ұйымдастырды.
– Байқау жоғары деңгейде өтті. Шараға «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты Арман Иманқұлов, Естай Беркімбайұлының ұрпағы Фархат Әміре демеушілік етті, – дейді ұйымдастырушылар.
Жас ерекшеліктеріне байланысты «Кіші топта» (9-12 жас) - сегіз бала, «Үлкен топта» (13-15 жас) 16 үміткер қатысты. Өз топтары бойынша бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар, ақшалай сыйлықтар мен қатысқаны үшін Алғыс хаттарға ие болды. Дәстүрлі әнді үйретуші ұстаздары да Алғыс хаттармен марапатталды.
«Кіші топ» бойынша Бас жүлдені – Ақылбек Арғын (Павлодар, Естай атындағы мәдениет сарайы, «Бір мысқал» дәстүрлі ән орталығы), бірінші орынды – Мұқатай Бекзат (Екібастұз, Естай атындағы балалар музыка мектебі), екінші орынды – Бақыт Әсия (Екібастұз, Естай атындағы балалар музыка мектебі) және Серікқан Асылбек (Павлодар, Балалар өнер мектебі), үшінші орынды – Ермек Әлеумет (Екібастұз, Естай атындағы балалар музыка мектебі мен Фестивал Нұрислам (Екібастұз, Естай атындағы балалар музыка мектебі), Тахмина Қоныспай (Екібастұз, Естай атындағы балалар музыка мектебі), Анель Мұхамажитова (Екібастұз, Естай атындағы балалар музыка мектебі) иеленді.
«Үлкен топ» бойынша Бас жүлдені Агиля Тавлетеева (Екібастұз, Естай атындағы балалар музыка мектебі) жеңіп алды. Бірінші орын иегері Хұмарбек Махсат (Екібастұз, Естай атындағы балалар музыка мектебі), екінші орынды – Аяжан Салықова (Екібастұз, Естай атындағы балалар музыка мектебі), Марат Еркеназ, үшінші орынды – Аружан Саденова (Павлодар, Естай атындағы мәдениет сарайы, «Бір мысқал» дәстүрлі ән орталығы, үшінші орынды – Медина Багай (Тереңкөл ауданы), Динара Төлеубекова (Баянауыл, Майқайын) ие болды.
Байқауға келген қонақтар мен көрермендер тамаша күйге бөленіп, мәз-мерам боп тарқасты.