Павлодарда қаржылық сауаттылық байқауының жеңімпаздары анықталды
Байқауға барлығы 15 жұмыс қабылданған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«New vision team» үкіметтік емес ұйымының жобалық менеджері Жанар Жандәулетованың айтуынша, «Құқықтық және қаржылық сауаттылық» тақырыбында әлеуметтік желілерде жастар арасында өткен сурет байқауына 14-35 жас аралығындағы жастар қатысқан.
– Жұмыстар төрт критерий бойынша бағаланды: жұмыстың көркемдік тұрғыдан сапасы мен кәсібилігі, авторлық тәсілдің өзіндік ерекшелігі, тақырыпты ашу тереңдігі, бейнелілік, эмоционалдылық, экспрессивтілік және түс шешімдері. Комиссия отырысының негізінде бағалау парақтарына сәйкес үш жеңімпаз анықталды, – дейді Жанар Жандәулетова.
Оның айтуынша, байқау шарттары бойынша сурет сатиралық жанрда салынуы тиіс болған.
Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – жастар арасындағы құқықтық қаржылық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы мәселеге қатысты берік ұстанымы бар, білімді, креативті ойлайтын жастарды тәрбиелеу.
Байқау нәтижесінде 1-орынды Диана Шомбаева, 2-орынды Индира Байдолдинова және 3-орынды Айнұр Канленова иеленді.