Екібастұзда ер адам суға батып кетті
1981 жылы туған азамат шомылуға тыйым салынған орында суға түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, үш құтқарушы мен бір техника 3 маусым күні сағат 16.28-де Екібастұз қаласында Зеркалка су айдынында 1981 жылы туған адамды іздестіру шараларын жүргізген.
– Ол шамамен сағат 15.20-да шомылуға арнайы жабдықталмаған жерде суға түсу кезінде батып кетті. Ер адам достарымен бірге демалып отырған, – деді департаментте.
Құтқарушылар жас жігіттің денесін сағат 16.56-да тауып, жағаға шығарды.
ТЖ департаменті рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға тыйым салынғанын және құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілік күтетінін еске салады.