Павлодарда құтқарушылар есікті аша алмаған қарияға көмек көрсетті

Қарияның жағдайы күрт нашарлап, өздігінен қозғала алмай қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушыларға ер адам пәтерінде есік ашпайтындығы туралы хабарлама келіп түсті.
– Полиция қызметкерлерінің қатысуымен келген құтқарушы мамандар алдыңғы есікті ашу үшін гидравликалық және слесарлық құралдарды қолданды. Тексеруден кейін 1952 жылы туған 72 жастағы ер адам жақында ғана ауруханадан шығарылғандығы анықталды, бірақ оның жағдайы нашарлап, өздігінен көтеріліп, есікті аша алмаған, – делінген хабарламада.
Қария жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, медициналық көмек көрсетілді.