Екібастұзда жылу магистральдарына гидравликалық сынақ жүргізіледі

Екібастұзда жылу магистральдарына гидравликалық сынақ жүргізіледі

Сынақ 26 қыркүйек күні жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

"Екібастұзэнерго" ЖШС-нің мәлімдеуінше, Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі № 1, 2 жылу магистральдарына, сондай-ақ 32 шағын ауданның жеке секторы бойынша өтетін жер үсті  магистральдік құбырға гидравликалық сынақтар жүргізіледі. 

- Жылыту жүйелерінің жарылуын болдырмау үшін №1, 2 клапандарды ажыратып, бітеуіштерді орнату қажет. Құбырлар қайта құру жүргізілгеннен кейін беріктігі мен тығыздығына сыналатын болады, - делінген хабарламада.

Серіктестік аталған шараларды орындамау мүліктің бұзылуына, сондай-ақ жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.