Екібастұзда қансорғыштарға қарсы жертөлелерді өңдеу басталды

Екібастұзда қансорғыштарға қарсы жертөлелерді өңдеу басталды
Константин Шелковтің иллюстрациялық фотосы

Мердігерлік ұйым дезинсекцияға кірісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы кеншілер шаһарының әкімі Аян Бейсекин өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

- Өткен жылдағыдай жұмыстарды үш кезеңге бөлдік. Олардың біріншісі - жертөлелерді өңдеу. Мердігерлік ұйым дезинсекцияға кірісті, бірақ жертөле жайларын қарап тексеру жалғасуда, - деді қала әкімі.

Аян Бейсекин шыбын-шіркейдің көбеюіне жол бермеу мақсатында тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен басқару органдарының алдына осы жұмысты жеделдетуді тапсырды.  

- Қаланы аралау барысында тұрғындардың өтініштері бойынша аулаларға бардық. Энергетиктер көшесі, 101 мекенжайындағы ауланы да абаттандыру қажет. Мұнда ойын алаңы жоқ. Биыл орнатылатын болады, сондай-ақ аумақ асфальтталады, - деді ол.

Бұдан бөлек, екібастұздықтардан келіп түскен пікірлер мен өтініштер бойынша күнделікті мекенжайларды аралау жалғасатынын мәлімдеді.