Павлодарда бір ауданда екі ер адам жоғалып кетті

Павлодарда бір ауданда екі ер адам жоғалып кетті
Рoiskoviki_pavlodara_vita

Рoiskoviki_pavlodara_vita тобы іздестіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Еріктілердің айтуынша, екі адам да әртүрлі уақыт аралығында бір ауданда жоғалып кеткен.  

«Илья Сагайдак 23 наурызда үйден шығып кеткен күйі қайып оралмаған. Үйден кетер алдында туыстарына біраз уақытқа шығатынын айтқан. Телефоны мен құжаттарын, ақшасын үйінде қалдырып кеткен.  Бұған қоса, жұмысқа шықпаған. Галкин Межекенов 19 наурызда шығыс өнеркәсіп аймағында жұмыстан шыққан, бірақ үйіне немесе жұмысқа қайтып оралмаған», - дейді еріктілер.

Еріктілер іздестіру шараларына атсалысқысы келетін жандар болса, +7 (747) 615 55 63 (Катерина) немесе +7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлеріне қоңырау шалуды, сондай-ақ, хабар-ошарсыз кеткендер туралы қандай бір ақпарат  болса, осы нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды.