Павлодарда жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысты

Павлодарда жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екі жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қыркүйекте түнгі 01:41-де Толстой – Астана көшелерінің қиылысында Volkswagen Passat көлігі мен Hyundai маркалы жедел жәрдем көлігі соқтығысты. ЖКО салдарынан жеңіл көліктің екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Тексеріс жүргізілуде. 

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінде медициналық авиация бригадасы белгісіз затпен уланған төрт адамды Шарбақты ауылынан жеткізген кезде жол-көлік оқиғасы орын алғанын хабарлады. Зардап шеккен екі жолаушыға алғашқы көмек көрсетілді. Дәрігерлер жарақат алған жоқ.